Сегодня: 18.05.2012 г.

 

 

 







    
Забыли пароль?
Регистрация


Алгы соз
11.01.2010 г.
"Илбек" хакас тілінде "ұлы" деген ұғымды білдіреді. Демек, "Илбек Сибирь" атауының аудармасы "Ұлы Сібір" болатыны анық. Осы атау арқылы мен Сібірдің ұлы екендігін, оның әлемде үлкен маңызға ие екендігін баса көрсеткім келді.
"Илбек Сибирь" сайтында жеке ұстаным мен қоғамдық-саяси көзқарастар қатар қамтылады. Мұнда 2004-жылдары жарық көрген түрлі мақалалар жинақталған, олардың негізгі бөлігі "Мақалалар мұрағаты" бөлімінде берілген. Сонымен қатар, жарық көрмеген жекелеген қолжазбалар, блог, радио мен телевидениеде берген сұхбаттарым мен сөйлеген сөздерім енгізілді. Бірақ, ертеректе жарық көрген мақалалар мен сайттағы материалдар, өзге де туындылар, жалпы алып қарағанда Еуразияның қомақты бір бөлігін, Сібір, Қазақстан мен Орталық Азияны, Қиыр Шығыс, Қытай, Солтүстік-Шығыс Азияны, Арктиканы да қамтитын тұтас бір ауқымды аймаққа арналған.

Мен өзімді қандай да бір тақырып аясында шектеп қалғам жоқ. Сондықтан, бұл сайтта экономика, саясат, әлеумет, мәдениет, тіл, халықаралық проблемалармен қатар, өзге де салалар қамтылған. Бұл ретте келешекке көзқарас, соның ішінде Сібір мен Қазақстанның болашағына қатысты мәселелер қарастырылады.

Сонымен, Изен ползын Илбек Сібір!

Верхотуров Дмитрий Николаевич

1981-жылдың 7-маусымында Краснояр өлкесінде, Ачинск қаласында өмірге келген.

Краснояр мемлекеттік педагогикалық университетінің тарих факультетінде "Тарих және саясаттану" мамандығы бойынша білім алады. Ғылыми зерттеу бағыттары: Сібір мен Орталық Азия археологиясы, кеңестік кезеңдегі КСРО экономикалық тарихы, оның ішінде индустриаландыру тарихы.

1999-жылы қоғамдық жұмыстармен айналыса бастады. 2000-2001 жылдары "Честь и Родина" газеті мен Жалпыресейлік "Честь и Родина" саяси қоғамдық қозғалысы Краснояр аймақтық бөлімшесінің жұмысына ат салысты. Ал 2001-2002 жылдары "Единство" партиясына өтті. Алайда, партияның "Вся Россия" және "Отечество" қозғалыстарымен бірігуіне келіспеушілігін білдіріп, мүшеліктен шықты.

2001-жылы журналистикамен және қоғамдық жұмыстармен айналысты. Ресейлік басылымдарда мақалалары жарық көріп, шетелге де таныла бастады. 2005-жылдан бастап, тәуелсіз экономикалық журналист және Орталық Азия елдері (Қазақстанға маманданған) бойынша сарапшы болды. 2008-жылдан бері Қазақстандағы түрлі жобаларға ат салыса бастады, оның ішінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға 2010-жылы төрағалық етуіне байланысты жүргізілген жұмыстарға, Ішкі миграция бойынша ҚР мемлекеттік бағдарламасын дайындап, ұзақмерзімді перспективалар бойынша Қазақстанның экономикалық және технологиялық даму жолдары жобаларын әзірлеуге араласты.

2003-жылдан бастап, Ауғанстанның экономикалық және қоғамдық даму мәселелерімен айналысып, "Ауғанстан.ру" порталымен бірлесе жұмыс жасады. Бұдан кейін қазіргі Ауғанстанды тану орталығымен ынтымақтаса еңбек етті. Бұл ретте экономикалық даму, Кабул қаласындағы инфрақұрылымдық жобалар, ауғандық ұлттық армияны дамыту және өзге де салаларды зерттеді. 2009-жылы Кабул әмірлігі қаланы көгалдандыру жөніндегі жоспарды іске асыруға шешім қабылдап, Кабул өзенін тазалау ісі мен қаланы сумен қамту жүйесін жетілдіру ісіне кірісті.

2005-жылдан бастап, Сібір қоғамының жылдар бойы қалыптасқан ұстанымын негізге ала отырып, Сібірдің дамуын колониалды модель ретінде емес, дербес түрде қарастыратын Сібірдің даму жолы мәселелерімен айналысты. 2006-жылы Байкал маңымен өтетін мұнайқұбырын салуына қарсылық шараларына белсенді түрде қатысып, Байқал қозғалысының Мәскеу бөлімшесінің құрамына қосылды. Бұл қозғалыс Байкалдан басталатын мұнайқұбырының бағытын өзгертіп, Перевозной бухтасы мен Козьмино бухтасындағы мұнай құю портын алмастыруға қол жеткізді.

2007-жылдан бері Сібірге қатынайтын жолаушы және жүк тасымалдайтын жүрдек пойыздардың жүйесі жобасын дайындауға да белсене араласты.

2007-жылдан бастап, Сібірдегі ірі ГЭС құрылыстарына қарсы қозғалыстардың белсенді мүшесі болды, соның ішінде Эвенкий, Мотыгинский, Саха еліндегі Тимптон өзеніндегі ГЭС каскадына қарсы шараларға ат салысты. Сонымен қатар, "Плотина.нет" секілді өзге де қозғалыстарға белсене қатысты. 2009-жылы ірі плотиналарды сырып, жаңа буындағы плотинасыз гидроагрегаттарға көшу мәселелерін көтеріп, гидроэнергетика саласын түбегейлі реформалау бағдарламасын ұсынды. 2009-жылдың тамызында Эвенкийді тұрақты өркендету және 2040-жылға дейін Эвенкий экономикасын тұрақты дамыту бағдарламасы жөніндегі Кеңесті құру туралы ұсыныс көтерді. Бұл бағдарламада Эвенкий ГЭС-інің құрылысын қоспау қарастырылған.

5 кітаптың авторы:

"Покорение Сибири: мифы и реальность" (М., 2005),

"Экономическая революция Сталина" (М., 2006),

"Казахстан близкого будущего" (Алматы, 2008),

"Сталин против Великой депрессии. Антикризисная политика СССР" (М., 2009),

"Идея сибирской самостоятельности вчера и сегодня" (М., 2009).

 

Мақалалар:

Астананың ізімен Ресей де интернетке бақылау қоюға қамдануда  

 

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

Сайт Дмитрия Верхотурова - РУССКИЙ ЯЗЫК Сайт Дмитрия Верхотурова - АНГЛИЙСКИЙ ЯЗЫК Сайт Дмитрия Верхотурова - КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК Сайт Дмитрия Верхотурова - ИНДОНЕЗИЙСКИЙ ЯЗЫК Сайт Дмитрия Верхотурова - ЯКУТСКИЙ ЯЗЫК


Рейтинг@Mail.ru

Сайт сделан в Curiosity lab.           © Дмитрий Верхотуров. 2003-2012